Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қамыстан плита шығарылады

15 маусым 2011, 11:34

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Алтын бала-08» серіктестігі қамыс жаңқасынан құрылыс тақтасын шығару ісін қолға алып отыр. Олар шикізаттан еш тарықпайды. Себебі дария бойында жағалай өскен қамыс көп.
Бұрынғы жылдарда ол еш кәдеге жара­май­тын еді. Диқандар егістік егу үшін оны құр босқа өртеп жататын. Ендігі жерде қа­мыс бостан-босқа рәсуа болмайды. Оны жи­нап, серіктестікке өткізеді, ауылдағылар үшін де табыстың көзі болып қалды. Қазіргі күні аудан орталығына жақын бес ауылда шикізат дайындайтын орындар құрылды. Осының арқасында 200 мыңнан астам бауы жиналып, серіктестіктің қажетіне жа­ра­тыла бастады.
Аталмыш істі қолға алған кәсіпкерлердің айтуынша, қамыс жаңқасынан өндірілген өнім құрылыста өте жоғары сұранысқа ие болып отыр. Жалпы, зауытты іске қосу үшін барлығы 375 млн теңге көлемінде қаржы жұм­салды. Алдағы уақытта мұнда жүзге жуық адам екі қолға бір кәсіп табатын бол­ды. Ал шикізат дайындау және басқа да жұ­мыстарға барлығы 1000-ға жуық адам тартылады.
Жұмыс үш ауысымда жүргізілмек. Сол уақыт аралығында 200 шаршы метр қамыс жаңқасынан жасалған плита шыға­рылмақ.