Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қандай жағдайда ақша жинаудан гөрі кредит алған тиімді – қаржыгер кеңесі

19 қазан 2021, 11:07

Соңғы кездері адамдар ақшасын бір жерге салып қойса, я болмаса, жинап қойған ақшасын бұзғысы келмесе, кредит ала салатын болған

Банктен қарызға алынған ақшаға да күнделікті мәселелерді шешуге болады. Бірақ банк өнімін таңдай білу керек. Бұл туралы Райффайзенбанктың кредиттер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Спиваков айтты.

"Адамдар ақшасын бір жерге салып қойса, я болмаса, жинап қойған ақшасын бұзғысы келмесе, кредит ала салатын болды. Соңғы кезде көбісі жиі осылай істейді және жыл сайын ондай адамдар көбейіп келеді", — деді қаржыгер "Прайм" агенттігіне.
Оның айтуынша, банк клиенттері тұтынушылық кредит емес, кредит картасын рәсімдейді. Картаның лимиті және ақшаны қайтару мерзімі қысқа болса да, ірі сомаға бір нәрсе сатып алуға жетіп жатады.

Оған қоса, кредит картасының жеңілдік кезеңі бар. Осы уақыт ішінде процент төлемей, қарызға алған ақшаны жаба салуға болады. Ал кейбір карталарда кешбэк қарастырылған. Сонда күнделікті сауда-саттықтан да ақша түседі.

sputnik.kz