Ресми сайт sanction2022.kz деп аталады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық кәсіпкерлер барынша сақ болуы керек.
Егер Ресей мен Беларуське жеткізуге тыйым салынған тауарды бей-берекет реэкспорт жасаса, санкция салған мемлекеттердің қара тізіміне қосылуы мүмкін.
Осының алдын алдын алу үшін Үкімет арнайы сайт жасады. Онда Ресей мен Беларуське экспорттауға және импорттауға тыйым салынған тауарлардың тізімі жарияланады.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады. Ресми сайт sanction2022.kz деп аталады.
Мұнда деректер үнемі жаңартылады. Сондай-ақ Ресей нарығынан кетуге шешім қабылдаған компаниялардың да тізімі жасалады.
Бақыт Сұлтановтың айтуынша посткеңестік елдердің ішінде Қазақстан бизнес ашуға ең қолайлы мемлекет. Қаржы құйып, кәсіпорын ашам деген инвесторларға жеңілдіктер пакеті қолжетімді.