Қарағанды әкімдігі мерекелік шаралар өткізуге 216 миллионы бөлген
Қарағанды билігі көктемде ел дәрі таппай тентіреп кеткенде қала бюджетінің 216 миллион теңгесін той тойлауға бөліпті. Тіпті оның 122 миллион теңгесін игеріп те қойған. Пандемия салдарынан мерекелік шаралар аталып өтпесе де, шенеуніктер бұл қаражат мереке күндері қаланы безендіруге жұмсалғанын айтып ақталады.
 
Басында мереке тойлауға 288 миллион теңге бөлінген. Дегенмен төтенше жағдай жарияланып, мамырдағы мемлекеттік үш мереке тойланбады. Осыған байланысты шенеуніктер 72 миллионды бюджетке қайтарып бергенін мақтанышпен жеткізді.
 
Ал қалған 216 миллион теңге тендерді жеңген шымкенттік «Шаңырақ Құрылыс Ком» серіктестігіне бұйырыпты.
 
Олар елдегі төтенше жағдай режимі алынғанда, тамыз айында Конституция және Кеншілер мерекесіне ат салысыпты-мыс. Осы екі күнде той тойланбаса да, қаладағы негізгі ғимараттарды жарықтандыру құрылғыларымен безендірген екен. Бұл үшін мердігерге жалпы соманың 122 миллион теңгесі аударылса, қалған қаражат алдағы мерекелер өткізілген соң берілмекші.
 
Жергілікті атқамінерлер қарашаның көңіл күйін көтеруде «ақша аяуға болмайды» деген сенімде.  
 
Жанболат Тоқмырзин, Қарағанды қаласы ТКШ бөлімінің бас маманы:
 
- Жаңа жыл &ndash адамдардың көңіл күйі, мереке. Қазір Тұңғыш президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жылға жұмыс атқарып жатырмыз. Біз 12-сәуірде келісімшартқа отырдық. Бүгінгі күн қай күн? Осы күнге дейін атқарылып жатқан жұмыс заң жүзінде іске асып жатыр.
 
 
ktk.kz