Нарық

Қарағанды мен Теміртауда алғашқы тұтынушылар табиғи газға қосылды

  • Қарағанды мен Теміртауда алғашқы тұтынушылар  табиғи газға қосылды

    Қарағанды мен Теміртауда алғашқы тұтынушылар табиғи газға қосылды

Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «ҚазТрансГаз» АҚ Ұлттық компаниясы Қарағанды мен Теміртауды алғашқы тұтынушыларын газбен жабдықтауға қосты. Көптен күткен көгілдір отын салынған «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының арқасында осы өңір тұрғындары үшін қолжетімді болды.

Қалалық газ инфрақұрылымының құрылысы 2019 жылы Қазақстан, Ипподромная, Бадин көшелері мен Бұқар жырау даңғылындағы үйлерден басталды. Салтанатты рәсімде сөз алған Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек газ қаланы жылумен қамтамасыз етіп қана қоймай, экологиялық жағдайды жақсартып, экономикалық өсу үшін қосымша жағдайлар жасауға көмектесетінін атап өтті.

«Бірінші кезектегі газ құбыры мен бірінші іске қосу кешені іске қосылды, бұл 1584 үйді газдандыруға мүмкіндік берді. Құрылыс аяқталды, құжаттарға қол қойылды және нысан «ҚазТрансГазАймақ» АҚ сенімгерлік басқаруына берілді», - деді облыс әкімі. Оның айтуынша, келесі жылы «АрселорМиттал Теміртау» көгілдір отынға көшеді. Бұл 2025 жылға қарай зиянды шығарындыларды 30%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

2-ші іске қосу кешені Михайловка ауданының жоспарланған 2377 үйінің 1209-ын газдандыруға мүмкіндік берді. 3-ші іске қосу кешені қаланың тағы 2057 үйін газдандыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаларды іске асыру 2021-2022 жылдарға белгіленген.

Келесі жылы 2-ші кезектегі газ құбырын іске қосу және Новоузенка ауылында, Медсанбөлім ауданында және ЖБИ зауытында 2231 үйді қосу жоспарлануда. Алдағы уақытта ескі аэропорт, Федоровка, Күнгей шағын аудандарында тағы үш кешен салу және 8690 үйді газға қосу жоспарлануда. Бұл жобаларды іске асыру 2022-2023 жылдарға белгіленген.

Қалаішілік газ тарату желілерін жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бюджет есебінен салған. Қазіргі уақытта Қарағанды бойынша 64 км астам газ құбыры салынды. Осылайша, ағымдағы жылға жоспар 100% орындалды. Облыс бойынша жоспарланған 1530 газ құбырының 129 шақырымы салынды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының директоры Талғат Қызылбаев салтанатты шарада сөз сөйлеп, өңір үшін бұл өте маңызды оқиға екенін атап өтті. «Газдандыру елді мекендердің дамуына әрдайым оң әсер етеді, өндірістік және әлеуметтік саланың одан әрі өсуіне перспективалар жасайды. Газдың келуімен тұрғын үй құрылысы жаңа серпінге ие болады, маңызды инфрақұрылымдық жобалар, жол құрылысы қаржыландырылады, шағын және орта бизнес кәсіпорындары қолдау алады деп үміттенеміз. Газ бүгінгі таңда ең ыңғайлы отын түрлерінің бірі, бірақ қауіпсіздік туралы бір секундқа ұмытуға болмайды.

Тұрмыста газды пайдаланудың барлық ережелерін сақтау қажет, сонда сіздің үйіңіз әрдайым жылы әрі жайлы болады» - деді Талғат Қызылбаев.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалы 2019 жылдың қараша айында құрылды. Оның міндеттеріне газды тарату жүйелері арқылы тасымалдау және облыстың соңғы тұтынушыларын газбен жабдықтау кіреді. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалдары үш қалада - Жезқазғанда (Сәтпаев к-сі, 10/1), Теміртауда (Менделеев к-сі, 11) және Қарағандыда (Ермеков к-сі, 104/1) жұмыс істейді.

Газ тұтынушыларымен жұмыс ХҚКО тәрізді «бір терезе» қағидаты бойынша құрылған: жеке және заңды тұлғалар үшін жеке электрондық кезек бар, мұнда газға қосылуға өтініш беруге, кеңес алуға және қызықтыратын сұрақтарды қоюға, сондай-ақ қосуға немесе ажыратуға құжаттар мен техникалық шарттарды алуға болады.

 

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі




Көрілген: 1045    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 18:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31