Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қарағандыда ағылшын тілінің мұғалімі мотомектеп ашты

25 қазан 2020, 23:10

Қарағандыда ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген мұғалім кәсібін тастап, қалада алғашқы мотомектеп ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

24 жастағы Валерия Руссу енді жастарға мотоцикл тебуді үйретпек. Бұл көлік түріне қызығушылар өте көп дейді ол.

 

Бұрындары қала көшелерінен байкерлерді сирек кездестіретін болсақ, қазір жұрттың көпшілігі көлігін мотоциклға ауыстырған. Оның басты себебі &ndash кептелісте сағаттап тұрмайсың, кез келген жерге қаңтарып кете бересің дейді жұрт.

 

Иван Голушко, Теміртау қаласының тұрғыны:

 

&ndash Көшеде мотоциклмен жүргіміз-ақ келеді. Бірақ техниканың тілін білмедік. Мына мектептің ашылғаны жақсы болды. Бәрін үйретеді.

 

Тұрғындар тарапынан сұраныс болған соң, Валерия Руссу облыстағы алғашқы мотомектепті ашуға бел буған. Кәсіпкерлік курсын оқып, бизнес жобасымен грант жеңіп алған.

 

Осылайша қайтарымсыз қаржымен жұмысын бастайды. Шәкірттер де тез табылыпты. Бір қызығы, 70 проценті қыз балалар екен.

 

Мектепте мотоцикл жүргізудің қыр-сырын толық үйретеді. Қандай жылдамдықпен қозғалу керек, қалай бұрылу қажет? Тежегішті басудың да өз тәртібі бар дейді тәжірибелі байкерлер.

 

Мұнда тіпті, техника мен киімді де дұрыс таңдауға кеңес береді.

 

Валерия Руссу, мотомектеп құрушы:

 

&ndash Мотоцикл таңдағанда адамның бойы мен салмағын ескеру керек. Мәселен, нәзік қыздарға ауыр, әрі үлкен мотоциклді жүргізу қиынға соғады. Ал керісінше ірі адамдар шағын техникада өзін жайсыз сезінеді. Біз екі аптада барлығын үйретеміз. Бірақ ешқандай сертификат, құжат бермейміз.

 

Яғни мұнда келетін адамның жүргізуші куәлігі болу керек. Әзірге мотомектеп жылдың тек жылы мезгілдерінде ғана жұмыс жасайды.

 

Валерия келешекте қысқы павильон ашуды да көздеп отыр.