Нарық

Қарағандыда "таратылып" жатқан ақша бір отбасының берекесін қашырды

  • http://krg.sud.kz/

    http://krg.sud.kz/

Қарағанды тұрғыны өзінің жасөспірім ұлына сауда үйіндегі терминалдан жеңіл жолмен кредиттің беріле салғанына наразылық білдірді.


Төлем қабілеттілігін растайтын құжатты қажет етпейтін оңай ақшаны қайтару оңай болмайтын сыңайлы, деп хабарлады 5tv.kz.


Салават Захарченовтың ұлы осыдан төрт ай бұрын сауда үйінің біріне қойылған терминалдан кредит алған. Кейін ол бұл кредитті төлей алмай, достарынан қарыз сұрап жүргенін естіген әкесі мән-жайға қанық болған.


"Балам 8 мың теңге кредит алған. Оны біз білмедік. Медициналық, төлем қабілетін анықтайтын анықтама талап етпейді екен. Алдың ба, бітті", - деп ашуланды Салават Захарченов.


Сорақысы сол, мұндай терминалдан кредит алғыңыз келсе, жеке куәлігіңізді аппаратқа қойып көрсетсеңіз болды, ақшаны ұстата салады. Бұл жерге оны төлей алатыныңыз жөнінде ешқандай анықтама апарудың керегі жоқ. Алайда берілген сомаға әр күн сайын бір проценттен үш процентке дейін үстеме қосылады.


Салават бірнеше рет шағымданған соң, оның ұлына қосылған үстемақы тоқтатылғанын айтқан. Алайда бұған дейін есептелген үстемақыны қосып төлеуге тура келеді.


 


 




Көрілген: 1063    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.08.2019, 16:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31