Нарық

Қарағұсова көпбалы отбасылардың несиесін кешіруге қарсы шықты

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова жағдайы төмен отбасылардың несиесін кешіруге қарсы шықты. Өйткені бұл салық төлеушілерге қосымша ауыртпалық болып отыр деп санайды.

 

Былтыр ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жағдайы төмен отбасылардың несиесін кешіру туралы жарлығы қоғам тарапынан жақсы қолдау тапқан болатын.

 

Бүгін Мәжілісте "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылған болатын. Осы отырысқа депутат Гүлжан Қарағұсова төрағалық етті.

 

Мен өмірімде екі рет несие алдым. Оның біреуі - ипотека және екіншісі ақшалай несие. Бірақ бәрін мерзімінен бұрын төледім. Осыған өкінемін. Неге деп ойлайсыздар? Өйткені төлемегенде менің несиемді кешірер еді, - дейді депутат.

 

Оның айтуынша, аз қамтамасыз етілген азаматтардың қарыздарын өтеу кезінде Үкімет адалдықты ынталандырады.
Елбасы үнемі салықты уақытылы төлеу керектігін айтып отырады. Себебі, бюджетте сіз бен біздің салық төлемдерінен басқа ақша жоқ. Елдің толықтай бюджеті - азаматтардың салығынан түсетін ақша. Соны "мемлекеттік бюджет" деп атаймыз,- деді Гүлжан Қарағұсова.

 

Ол осы ретте 2007 жылдан бері ешкімнің несиесін де, қарызын да кешірмейтін АҚШ-ты мысалға келтірді.
Өз қолымен алды екен, уақытында төлесің. Әйтпесе, олар мемлекет есебінен емес, біздің ақшамызға өмір сүреді. Бұл дұрыс емес. Бәріміз кезінде мүлік салығына 90 пайызын ұстайды деп Кеңес Одағын кінәладық. Алайда қаншама нәрсе тегін болды. Ал қазір салық төлейміз әрі бәрі қымбаттап жатыр. Енді осылай бола ма? Кейбіреулер жұмыс істейді, салық төлейді, ал басқалары... Кешіріңіз, осы елдің азаматы ретінде мұндай саясатқа келіспеймін, - деді депутат.

 

Соған қарағанда депутат Гүлжан Қарағұсоваға президент Тоқаевтың көпбалалы, асыраушысынан айырылған, мүгедек балалары бар отбасылардың несиелік ауыртпалықты жеңілдету туралы шешімі ұнамаған тәрізді.

 

Вaq.kz

 




Көрілген: 651    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2020, 18:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30