Нарық

Карантин: 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында банктер қалай жұмыс істейді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 30 наурыздан 5 сәуірге дейін екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.

 

Аталған мерзім аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан екінші деңгейлі банктердің кассалық-есептік бөлімдерінің жұмысы тоқтатылады.

 

Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады.

 

Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді.

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК банктердің, қазынашылық комитетінің және нарықтың басқа қатысушыларының төлемдерін өңдеудегі жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады.

 

 

 




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.03.2020, 15:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30