Нарық

Карантин қайта енгізілсе 42 500 теңге қаншаға өседі – Мырзахметов есеп-қисабын айтты

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

"Атамекен" палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов карантин қайта енгізілген жағдайда 42 500 теңгені қаншаға өсіру керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кеше ғана министр бұл ақшаның көлемін арттыруды қарастырамыз деді. Бірақ біз ол мәселені мамыр айында айтқанбыз. 42 500 аз. Девальвация, инфляция бар. Төлемді индексациялау қажет. Біздің есебіміз бойынша 55-60 мың теңге болуы мүмкін. Әрине, бәрі бюджетке байланысты", &ndash деді Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Айта кетейік, 24 қыркүйекте мәжілісте өткен үкімет сағатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмысынан айырылғандарға берілетін төлемнің мөлшерін арттыру жоспарланып отырғанын айтты.

Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, алдағы уақытта карантин қайта енгізілсе, қазақстандықтар жұмысынан айырылып, табысы азаюы мүмкін. Сондықтан шұғыл және жүйелі шаралар қабылдауға дайын болу қажет. Осыған байланысты карантин кезінде жұмыссыздар үшін жұмыстан айырылу бойынша төленетін төлем мен оның кезеңін арттыру туралы ұсыныстарды енгізу жоспарланған.




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

жұма, 25.09.2020, 15:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31