Нарық

Карантин кезінде жер үйлердің бағасы күрт өскен: Елордадағы ең қымбат үйдің бағасы 6 млрд теңгеден асады

  • Карантин кезінде жер үйлердің бағасы күрт өскен: Елордадағы ең қымбат үйдің бағасы 6 млрд теңгеден асады

    Карантин кезінде жер үйлердің бағасы күрт өскен: Елордадағы ең қымбат үйдің бағасы 6 млрд теңгеден асады

Елордада бағасы алты миллиардтан асатын үй бар екен. Зәулім коттедж бірнеше қабаттан тұрады Ішінде адамның жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Қазір баспана сатылымға қойыпты. Ал оны алуға ниет білдіргендер де жоқ емес екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап хабарлайды.
Елорда бүгінде байлар мен бағландар мекендейтін шаһарға айналды. Қалада зәулім үйлердің қатары көбейіп келеді. Көздің жауын алатын сарайлардың бағасы да аспандап тұр.

Жылжымайтын мүлік агенттігінде 13 жылдан бері жұмыс істейтін маман соңғы кездері жер үйлерге сұраныс артқанын айтады. Нұр-Сұлтанда жыл сайын осындай 200-300 үй сатылады екен.

"Қазіргі таңда елордадағы ең қымбат үйлердің бірі - 6 млрд 800 млн теңге тұрады, яғни бағасы жоғары үйлердің құны 7 млрд теңгеге жетсе, орташа коттедждердің құны 2-3 млрд шамасында. Жалпы, біздің жылжымайтын мүлік агенттігінде жылына 200-300 үй сатылады. Зәулім коттедждер мен үйлерді көбінесе бизнесмен сатып алады", - деді жылжымайтын мүлік агенттігінің бас маманы Алмира Жұмашева.

Ең қымбат үйлердің бірінің бағасы - 6 млрд 800 млн теңге. Осы қомақты қаражатқа қанша пәтер алуға болады:

15 миллионнан 1 бөлмелі - 200 пәтер
20 миллионнан 2 бөлмелі - 100 пәтер
30 миллионнан 3 бөлмелі - 60 пәтер
Қала тұрғындары ауқатты болып, дәулеті асса осындай "зәулім сарайда тұрар ма едіңіз" деген сауалға жауап берді. Азаматтардың кейбірі мұны артық шығын санаса, кейбірі мүмкіндік болса тұратынын айтып қалды.

Жылжымайтын мүлік агенттігінің маманы Нұржан Нұрлановтың айтуынша қазір осындай пенхаус, зәуліс үйлердің саудасы жүріп, бағасы өсіп тұр. Себебі, пандемия кезінде төрт қабырға ішінде қалып қойғандар еркіндікті аңсайды. Жеке бау-бақшасы, бассейні, билярды мен саунасы бар үйлерді қалайды.

"Коттедждердің орташа бағасы карантинге дейін пәтерлерге қарағанда 30 пайызға арзан болды. Карантин басталғалы көп дамдар коттеджде өмір сүргенді ыңғайлы санайды. Сондықтан 30 пайыз қымбаттады", - деді Нұржан Нұрланов.

Ал ішінде жанға жайла жағдайдың бәрі жасалған, 10-15 бөлиелі үйлер кімдерге тиесілі екені туралы сұраққа маман былайша жауап берді:

"Оның бәрін жасырын түрде сатылады. Сатушы да, сатып алатын кісі де өзін жасырады. Оны айтуға болмайды, бәрі жасырын күйде болады. Біз ол туралы мәлімет те бере алмаймыз", - деді Нұржан Нұрланов.

Карантин өмірдегі құндылықтарды өзгертті. Бұрынғыдай қалаған нәрселерін істей алмай қалған адамдар еркіндікті аңсағандай. Сондықтан коттедждер мен жер үйлерге сұраныс артқан. Бұл өз кезегін бағаның өсуіне әсер етті. 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.09.2020, 23:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31