Нарық

"Қарапайым ережені сақтамаған": Алматы маңындағы әуе апатына қатысты сарапшылар пікірі

  • "Қарапайым ережені сақтамаған": Алматы маңындағы әуе апатына қатысты сарапшылар пікірі

Өткен аптаның соңында Алматы қаласының маңында ұлттық қауіпсіздік комитетінің АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Осы орайда Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі азаматтық авиация саласындағы мамандардан пікір сұрады.

Ұшқыш ардагер Мақаш Әбішев ұшақтың апатына мұз қату себеп болған деп есептейді. Әуе кемесінің қанатына мұз қата бастағанда стаблизатор да мұзданып, істен шығады. Оның сөзінше, сол уақытта ұшақ тепе-теңдікті жоғалтқан. "Мен алдын ала болжам жасауға болады деп ойлаймын. Бірақ нақты себебін арнайы комиссия айтады. Мұнда "клевок" болған. Ол авиация тілінде баланстың бұзылуы. Ұшақтың қанатына мұз қата бастағанда, стаблизаторда да ақау пайда болады. Яғни ол да мұздың әсерінен істен шығады. Ұшу тұрақтылығы сақталмағандықтан, әуе кемесі шайқалып, ұшуды жалғастыру мүмкін болмайды", - дейді ардагер. Бірақ оған ауа райы мүмкіндік бермеген. Мақаш Әбішевтің айтуынша, ввиацияда биіктікте шешім қабылдау деген түсінік бар. Экипаждың мақсаты - жермен байланыс орнатуға тырысу. Бірақ радардан жоғалған соң, бұл да мүмкін емес. Амалсыз әуежайға оралған, одан кейінгі жағдай бәрімізге белгілі, дейді ардагер ұшқыш. Ардагер Ан-26 ұшағының жалпы жағдайы, Кеңес Одағы кезіне жасалған әуе кемесінің қазіргі замандағы қолданысы туралы да. сөз қозғады. Оның пайымынша, ұшақты дер кезінде регламентке сай тексеруден өткізіп, ұшар алдында қарапайым ережелерді сақтаса, қауіп жоқ. Мәселен, әуе кемесінің мұзданып кетпеуіне жағдай жасау - ең қарапайым ереже екенін айтады. "Ұшақтар ескі немесе жаңа деп бөлінбейді. Ұшақтардың регламенті бар. Мысалы 10 мың сағат ұшып келді ме? Ол регламент бойынша тексеруге тұрады. Ауыстыратынын ауыстырады, бәріжөнге келтіреді. Ал 20 мың сағат ұшқан соң, ол күрделі жөндеуге жіберіледі. Бұл кезде оның бастапқы шыққан зауытына жөнелтілуі қажет. Кез-келген ұшақта бір бөлшегі болса да, конструкторық бюродан рұқсат алмай ауыстырылмауы керек. Ол қатаң бақыланады. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Әуе апатына ұшыраған Ан-26: Диспетчер мен экипаж әңгімесінің аудиожазбасы жария болды (видео) Ұшақты ескі дегеннен гөрі модификациясы ескі деп айтқан дұрыс. Мысалы "Москвич", "Волга" немесе "Чайка" автокөліктерін әлі күнге дейін адамдар айдап жүр. Ол өзге көліктер сияқты жылдамдықпен немесе сол жолмен қатынай алады ғой. Ендеше Кеңес өкіметі кезінде шығарылған ұшақтар да ұшуға қауқарлы. Тек уақытында тексеріп отыру керек. Мысалы ТУ-154 әлі жолаушылар тасымалдайды, қазір барлығы "Боинг" ұшақтарына көшті. Ал Кеңес авиациясын "керексіз" етіп тастады. Шын мәнінде ол ұшақтардың сапасы ешкімнен кем емес", - деп есептейді Мақаш Әбішев. Басылым беттерінде жиі пікір білдіретін тағы бір ардагер ұшқыш Дмитрий Дүшімов өткен сенбіде орын алған ұшақ апатына қатысты болжам айтуға әлі ерте деп отыр. Ол қорытындыны комиссия айтуы тиіс деп санайды. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Алматыдағы ұшақ апатына үш жағдай әсер еткен болуы мүмкін "Қазір комиссияның қорытындысын күтуден басқа амал жоқ. Мәселе ұшақтың ескі немесе жаңасында емес, мәселе техникалық жағдайында. Егер оның техникалық әлеуеті жақсы болса, құламаса керек еді. Құжаттары дұрыс болса, ұша береді. Демек адами фактор себеп болуы мүмкін. Негізі мені алаңдататыны – кадр саясаты. Бізде мамандар тапшылығы деген мәселе жоқ. Ақтөбе ұшқыштар училищесі дайындап жатыр. Алматыдағы Азаматтық авиация академиясы да кадрларды шығарып жатыр. Бірақ оларға жұмыс жоқ. Мәселе осында. Дайындап шығарған академия түлектерінің ары кетсе 60 пайызы ғана жұмысқа орналасады. Бұл мәселені шешу үшін жүйелі құрылым керек, авиацияны дамыту керек. Кеңес уақытында әр облыста квотамен мынандай маман керек деген жоспар болатын және ол сапалы орындалатын еді. Қазір жүйе өзгерді. Бала оқиды, бірақ ол тәжірибе жинай алмай қиналады. Ары-бері сандалып жүреді. Жалпы отандық авиацияда айтатын мәселе көп, оны тыңдайтын құлақ жоқ", - дейді Дмитрий Дүшімов. Еске сала кетейік, 12 наурыз күні Алматы маңында "Нұр-Сұлтан-Алматы" бағыты бойынша ұшып шыққан ҰҚК-ның АН-26 әскери ұшағы апат болған еді. Бортта болған 6 адамның төртеуі қайтыс болды. Мемлекет басшысы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тіледі. Көп ұзамай, ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті марқұмдардың суретін жариялады. Олардың айтуынша, экипаж тәжірибелі әрі кәсіби мамандардан құралған еді. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. Ол үшін сараптау комиссиясы құрылған. Оның құрамына ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің өкілдері енген. ҰҚК ұшақтың қара жәшігіндегі деректер тексеріліп жатқандығын мәлім етті.

Автор: Сәке Қанатұлы 




Көрілген: 1914    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.03.2021, 02:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31