Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қарашөкеев бастаған топ импортты субсидиялап отыр - Депутат

19 маусым 2023, 22:28

"Мәселені шешудің жалғыз жолы бар" деген Рау мырза: "отандық өндірісті дамытып, импортқа тәуелділікті төмендету керек" деп нықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ал әріптесі депутат Егізбаевтің айтуынша, Қарашөкеев бастаған топ елдегі өндірісті емес, импортты субсидиялап отыр. Ведомствоның қызметіне шүйліккен ол ауыл шаруашылығы министрлігін жазалау қажеттігін айтады.

 

Қазақстанда елді асыраушы сектор ақсап тұр. Бүгінгі Мәжілісте өткен Үкімет сағатында осылай деген депутаттар ауылшаруашылығы саласындағы қордаланған күрделі мәселелерді көтерді. Комитет өкілдері ауылшаруашылығы минисртрлігінің берген мәлеметтері қазіргі жағдаймен сәйкес келмейді дейді. Агросала дайын өнімге де шикізатқа да тәуелді.  Ал, бұл олқылықты реттеуі тиіс министрлік тіпті субсидияны сырт елдің тауарына төлеп отыр деп налыды, депутат. 

 

"Өткен жылы  3,6 млрд көлемінде субсидия игерілді.  Ағымдағы жылы тағы 14 млрд тан астам теңге бөлінді. Алалйда осындай қомақты мемлекеттік қолдауға қарамастан даму үрдісі теріс динамиканы көрсетіп отыр. Егер 2020 жылы отандық шикізат негізінде ішкі сұраныстың 9 пайызы ғана қамтамасыз етілсе", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев.