Қаржы министрі жалға пәтер беретіндерге қатысты

22 қараша 2022, 14:13

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жалға пәтер беретін қазақстандықтарды "ашық" жұмыс істеуге шақырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген Қаржы министрлігінің басшысы баспананы жалға беріп, табыс алатындар онсыз да салық төлеуі тиіс екенін атап өтті.

 

"Сондықтан, көші-қон полициясымен бірігіп, біріншіден, адамдарды "ашық" жұмыс істеуге шақырамыз және жұмыс істеп жатырмыз, адамдар өз кірісін, нақты қайда тіркелгенін және кім қанша пәтерді жалға беретінін жасырмауы үшін", - деді Жамаубаев.