Нарық

Қаржы министрі зейнет жасын төмендетуге қатысты түсініктеме берді

  • Қаржы министрі зейнет жасын төмендетуге қатысты түсініктеме берді

    Қаржы министрі зейнет жасын төмендетуге қатысты түсініктеме берді

Министр ұлттық кеңесте айтылған барлық ұсыныс үкіметте қаралып жатқанын жеткізді. Тиісті мемлекеттік органдар әр ұсынысты саралайтын болады. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов әйелдердің зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендетуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


6 қыркүйекте президенттің төрағалығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында қоғам қайраткері Жәнібек Қожық әйелдердің зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендетуді ұсынған болатын. БАҚ өкілдері осыған қатысты қаржы министрінің пікірін сұрады.


Смайылов қазір елде зейнет жасын төмендету емес, ұлғайту жұмысы жүріп жатқанын еске салды.


"Бұл ұсынысты естідік, алайда қазір бүкіл әлемде кері процесс жүріп жатыр. Әлем елдерінде әйелдер зейнетке 65-67 жастан шығады. Себебі жер бетіндегі халықтың өмір сүру деңгейі жақсарып келеді", - деді ол мәжіліс кулуарында.


Министр ұлттық кеңесте айтылған барлық ұсыныс үкіметте қаралып жатқанын жеткізді. Тиісті мемлекеттік органдар әр ұсынысты саралап, өз позициясын дайындайды.


"Зейнет жасын төмендету туралы ұсынысты да қарастырамыз. Алайда бұл жерде мынадай бір проблема бар. Қазір жер шарында 65 жастан асқан халықтың үлесі артып келеді. Біз де осы жеті проценттік шектен асып кеттік. Яғни, жасы алпыс бестен асқан халықтың саны 7 проценттен көп. Елімізде егде жастағы азаматтардың саны жылдан жылға көбейіп келеді. Егер біз зейнеткерлерді лайықты өмірмен қамтамасыз еткіміз келсе, зейнетақы жүйесінің тұрақтылығына мән беруіміз қажет", - деді Смайылов.


Оның айтуынша, елде еңбекке қабілетті қанша азамат жұмыс істейтінін, қанша азамат зейнетақы жүйесі есебінен қамтамасыз етілгеніне талдау жасалыпты. Оның қорытындысы бойынша әйелдердің жасын кезең-кезеңмен ұлғайту туралы заң қабылданған. Десе де, оның айтуынша, ұлттық кеңесте жария етілген ұсыныстар қосымша талқыланады.


Журналистердің 63 жас тым көп емес пе деген сұрағына министр:


"Бұл өмірдің қатал шындығы", - деп қысқа қайырды ол.


Айта кетсек, Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 2027 жылдың 1 қаңтарына қарай біртіндеп 58 жастан 63 жасқа дейін ұлғаяды. Жыл сайын зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады. 




Көрілген: 1868    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.09.2019, 14:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31