Нарық

Қаржы министрлігі сатушыларға аударылатын ақшаға салық салмақ

  • Қаржы министрлігі сатушыларға аударылатын ақшаға салық салмақ

    Қаржы министрлігі сатушыларға аударылатын ақшаға салық салмақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов тұтынушылардың сатушыларға карта арқылы жасаған ақша аударымдарына салық салу қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Ұялы банктік қосымшалар арқылы тұтынушылардан кәсіпкерлерге түсетін ақша аударымдарын фискалдау мәселесін шешуге ерекше назар аудару қажет. Қолма-қол ақшасыз төлемдер жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын, олардың көлемі еселеп ұлғайғанын көріп отырмыз. Бірақ, сонымен бірге, тиісті салықтарды төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметін салықпен толық қамту міндеті тұр. Әрине, жеңілдік берілгендерді ескере отырып, - деді Смайлов Қаржы министрлігінің кеңесінде.
 

Бұған дейін Қаржы министрлігіне банктер арқылы ақша аударымдарын фискалдау саласындағы жұмысты күшейту ұсынылған болатын.

 

Қаржы министрлігі кәсіпкерлердің банктер арқылы ақша аударымдарын фискалдау мәселелеріне ерекше назар аударуы қажет. Жалпы, барлық мүдделі мемлекеттік органдарға осы бағыттағы үйлестірілген жұмысты жалғастыру қажет, - деді Смайлов 9 ақпандағы үкімет отырысында.
 

Қазақстандықтардың ақша аударымдарына салық салу мәселесі 2019 жылы көтерілді. Қаржы министрінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов төлем түріндегі ақша аударымдарына салық салынуы керек екенін атап өтті.




Көрілген: 2248    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 02:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30