Нарық

Қаржы пирамидасының 26 жастағы директоры салымшылардың 4 млрд теңгесін алып қашып кеткен

  • Қаржы пирамидасының 26 жастағы директоры салымшылардың 4 млрд теңгесін алып қашып кеткен

    Қаржы пирамидасының 26 жастағы директоры салымшылардың 4 млрд теңгесін алып қашып кеткен

26 жастағы қаржы пирамидасының директоры салымшылардың 4 миллиард теңгесін алып қашып кетті. Инвестициялық компанияның үстінен шағым түсіру үшін 4 мыңға жуық адам құқық қорғау органдарына жүгінген.

Салымшылар көп пайдаға кенелеміз деп ойлады. Оның орнына серіктестік директоры үлкен соманы алып, жоғалып кетті, деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.

 
"Бүкіл ел бойынша мыңдаған қазақстандық бұл қаржы ұйымына инвестиция құйды. Біз кем дегенде 4 миллиард теңге деп отырмыз. Инвесторлар құқық қорғау органдарымен кездесу өткізіп үлгерді және инвестицияларын қайтарып алуға үміттенеді», - делінген есепте.

QI-Trade Kazakhstan инвестициялық компаниясы айына 8%-ке дейінгі пайда табуға болатынын айтып, уәде беген. Қаржы институтына шамамен 4 мың адам әкелінді. Адамдар өздерін көрсетуге ұялады, бірақ алаяқтардың желісіне қалай келгендерін айтып берді. 

"Ақша салуға менің танысым арқылы сендім, ол бұрынғы адвокат, бұл компанияда барлық қажетті құжаттар болған. Мен есепшотымнан 14 миллион теңгені шешім алдым. Ол ақшаға пәтер алмақ едік. Менің бес балам бар. Менің күйеуім және басқа туыстарым бұл ақшаның қазір жоқ екенін білмейді», - дейді зардап шеккендердің бірі.

Телеарнаның хабарлауынша, QI-Trade компаниясының бас директоры 26 жастағы Нұрлан Сағынбаев.

200 миллион теңгеден астам қаржы салған адамдар бар. Зардап шеккендер полицияға ұжымдық арыз жазды. Компанияның директоры іздеуде.

Прокуратура барлық мән-жайларды тексеріп нақтылауда. Сонымен қатар, ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда QI-Trade сияқты 300-ге дейін компания бар, олардың барлығын тиісті тексеруден өткізуге уәде етілген.




Көрілген: 2684    Пікірлер: 0

жұма, 25.12.2020, 23:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31