Нарық

Картоп тағы да қымбаттады

  • Картоп тағы да қымбаттады

    Картоп тағы да қымбаттады

Кейбір сауда орындарында баға екі есеге артты. Картопты өлке саналатын Павлодар облысында бұл өнімнің бағасы тұрақты болмай тұр.

Кейбір сауда орындарында баға екі есеге артты.  Картопты өлке саналатын Павлодар облысында бұл өнімнің бағасы тұрақты болмай тұр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Өткен жылы павлодарлық шаруалар алқаптан 500 мың тоннадан астам картоп жинады. Бұл – өңір тұрғындарының сұранысынан он есеге көп. Жергілікті тұтынушыларды тұрақты түрде картоппен қамту әрі оның бағасын тұрақты ұстап тұру үшін  өткен жылдың күзінде 16 ірі шаруашылықпен меморандум жасалды. Соған сәйкес, өнімді өсірушілер өңірдегі 35 әлеуметтік дүкенге картоптың бір келісін 70 теңгеден жеткізуге тиіс.

Сәйкесінше, әлеуметтік дүкендердегі баға 90 теңгеден аспауы керек. Бірақ бұл талап бірнеше айға ғана жалғасты. Бүгінде әлеуметтік дүкендердегі картоптың бір келісі 98 теңге тұрады. Олардың сапасы нашарлау әрі ұсақ болғандықтан, тұрғындардың басым бөлігі сол сауда нүктесінің сапалы, бірақ қымбаттау сұрпын алуды құп көреді. Бұған дейін оның бір келісі 120-130 теңге болса, бүгінде 200 теңгеден асып жығылады. Бағаның бұлай құбылуы тұтынушылардың наразылығын тудырды. «Картоп – шеттен жеткізілетін өнім емес.

Өз өңірімізде өсірілетін оның бағасы ай сайын қымбаттайды. Бір қарағанда 100 теңгеге өсуі үлкен айырмашылық болып көрінбеуі мүмкін, бірақ бірнеше келіні бір-ақ алғанда қалтаға кәдімгідей салмақ салады», – дейді Павлодар қаласының тұрғыны Наталья Никифорова.

Жергілікті билік бағаның өсуін маусымдық жағдаймен байланыстырып отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Төлеген Көшербаевтың айтуына қарағанда, қордағы картоп айтарлықтай азайды. Оған қоса, картоп салатын саяжай иелері тарапынан сұраныс артты. «Аймақта картоп тапшылығы жоқ.

Бүгінде қоймаларда 18 мың тонна картоп бар. Тек маусымдық жағдайға байланысты өндірушілер бір келісін 70 теңгеден 80 теңгеге дейін көтерді», – дейді Төлеген Көшербаев. Мамандардың санауы бойынша, қордағы картоп мамыр айының ортасына дейін ғана жетеді. Себебі 18 мың тоннаның бір бөлігі еліміздің басқа қалалары мен шет мемлекеттерге жөнелтіледі. Сондықтан мамырдың соңғы күндерінде оңтүстік өңірлерде өсірілетін өнімдер павлодарлық дүкен сөрелерінен орын алады. Ал жергілікті картоп тек жаздың ортасында нарыққа жеткізіледі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Талғат Дұғалов мемлекет тек әлеуметтік дүкендердегі бағаны реттей алатынын мәлімдеді. «Әлеуметтік сауда орындарындағы бағаны реттеу мақсатында тұрақтандыру қорында 851 тонна картоп сақтаулы. Аудан-қалалардағы дүкендер күніне шамамен 10 тонна өніммен қамтылады. Кейін олар 98 теңгеден сатылады.

Ал ірі сауда желілері, ауладағы шағын дүкендердегі бағаны бақылауға құзіреттілігіміз жоқ», – дейді Талғат Дұғалов. Сондықтан тұрғындарға картоп сатып алу үшін қалтасынан шамамен екі есе көп қаржы шығарудан басқа амал қалмай отыр.




Көрілген: 1173    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 13:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31