KASE: Доллар бағамы қайтадан қымбаттады

19 қаңтар 2022, 14:34

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 18 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,22 теңгеге өскен. 

АҚШ долларының орташа бағамы 434, 29 теңге болды. 

Ұлттық банктің 19 қаңтардағы ресми бағамы -1 доллар үшін 434, 07 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 437,24 теңгеден сатылса, сатып алу – 438 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436, 89 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 437,95 теңге.