KASE: Доллар бағамы көтерілді

27 қаңтар 2022, 12:09

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 26 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,2 тиынға өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 434, 37 теңге болды. 

Ұлттық банктің 27 қаңтардағы ресми бағамы -1 доллар үшін 434, 34 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 436, 39 теңгеден сатылса, сатып алу – 437,92 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436, 19 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 437,65 теңге.