Қашықтан жұмыс істеуде ең жоғары жалақы алатын мамандық иелері

19 қазан 2020, 13:28

Ресейде қашықтан жұмыс істеп, ең жоғары жалақы алатын мамандықтар рейтингінде 1С талдамашы-бағдарламашы көш бастады. Оның жалақысы айына 270 мың рубльді құрайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

 

Работа.ру қызметкерлерді іріктеу сервисі қашықтан жұмыс істеуде ең жоғары жалақы алатын мамандықтарды зерттеп көрді.

 

Оған сәйкес, 1С талдамашы-бағдарламашы қызметіне үміткерден кемінде он адамнан тұратын топта төрт жыл еңбек өтілі талап етіледі.

 

Қашықтан жұмыс істейтін жобадағы сыртқы экономикалық қызмет менеджері айына 200 мың рубльден астам табыс таба алады. Үміткерлерден кемінде 5 жыл еңбек өтілі мен келіссөздер жүргізу үшін шет тілдерді жақсы меңгеруі талап етіледі.

 

Үшінші орында &ndash қашықтан жұмыс істейтін Сберавто ЖШС-нің Backend-әзірлеушісі. Оған айына 180 мың рубль жалақы қарастырылған. Ол үшін үміткердің кемінде үш жыл еңбек өтілі болуы, Golang бағдарламалау әдісін меңгеруі, сондай-ақ Docker және Kubernetes бағдарламалық жасақтамаларын пайдалана білуі шарт.

 

Төртінші орында &ndash Html-беттеуші мамандығы. Бұл салада кемінде екі жыл еңбек өтілі бар, HTML5 және CSS3 жүйелерін білетін адамға айына 140 мың рубльге дейін табыс табуға мүмкіндік бар.

 

Қашықтан жұмыс істеуде ең жоғары жалақы алатын мамандықтар тізімін UX/UI курсының оқытушысы түйіндейді. Оған айына 100 мың рубльге дейін жалақы қарастырылған. Үміткер веб-дизайн саласында кемінде үш жыл жұмыс істеуі тиіс.