Алматы қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері Kaspi bank туралы жалған ақпарат таратты деген күдікпен 35 жастағы елорда тұрғынын ұстады деп жазады ҚазАқпарат.
Ұсталған азаматқа ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасады деген айып тағылып отыр.
«Астананың 35 жастағы тұрғыны үстіміздегі ай басында әлеуметтік желілер арқылы Kaspi Bank-тің қызметі мен оның басшылығына қатысты жалған ақпарат таратты. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық қажетті шұғыл және тергеу шаралар кешенін жүргізуде», – деп мәлім етті Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сондай-ақ аталмыш қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғалар анықталуда.