Нарық

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила: Баспанасы жоқ қазақтарды адам деп есептемеймін

  • Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила: Баспанасы жоқ қазақтарды адам деп есептемеймін

    Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила: Баспанасы жоқ қазақтарды адам деп есептемеймін

"Бизнес бастау" шеберлік мектебінің жетекшісі Ахметбек Нұрсила баспанасыз жүрген қазақтарды адам санатына жатқызбаймын деген ойын айтты. Адам мемлекеттің көмегімен емес, өз күшімен баспаналы болуы керек.
Бұл туралы "Не істейміз" бағдарламасында айтылды.

Халыққа бизнестің қыр-сырын үйретіп, сол арқылы ақша тауып жүрген кәсіпкер әр кезде әр түрлі тақырыпта сөз қозғайды. Ауыр сөз айтып, сол арқылы мотивиция бермек болады. Бұны дұрыс қабылдайтындар да, ерсі көретіндер де бар.

Ахметбек Нұрсила әр қазақта баспана, көлік, ақша болуы керек деп есептейді. Сол үшін еңбек ету керек. Жалқаулыққа салынған қазақ мемлекеттен көмек күтеді. Тіпті суыр секілді еңбек етпейді деді.

"Әр қазақ қайда тұрамын, не істеймін, ақшаны қайдан табамын деп уайымдамауы керек. Осыған жетемін деп талпыну керек. Осындай өмір барына сену керек. Еңбек етсең, бәріне жетесің", - деді кәсіпкер.

"Мен суырлы мекен Тарбағатай өңіріненмін. Суырлардың әрқайсысында ін бар. Олар бір-бірінің ініне барып жатпайды. Інді өзі салады, бала-шағасымен сонда өмір сүреді. Ал, кей адамдар суырдың деңгейінен де төмен. Мемлекеттен үй сұрауға арланбайды. Мен оларды суырдың деңгейінен де төмен деп айтар едім. Қазақ жалқау. Алға ұмтылғанға ерінеді. Бәрін қиын көреді", - деді ол.

Соңғы кездері кәсіпкер отандық әншілерді шегірткелерге теңеп, қызу талқыға түскен еді. Көпшіліктің бір бөлігі оны қолдаса, бірі қарсы шықты. Осыдан кейін "Шегіртке" сөзі сәнді терминге айналды.

Бұған дейін Айгүл Иманбаева кәсіпкерді сотқа беретінін айтып шырылдаған еді. Ал, Нұрлан Еспановтың айтуынша, "шегіртке" сөзі жақсы мағынаны білдіреді.  




Көрілген: 567    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.05.2020, 11:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31