Кәсіпкерлер өңделмеген мал терілері экспортына БАЖ салығын қайта енгізуді сұрайды

09 қазан 2021, 00:19

 Қостанайлық кәсіпкерлер өңделмеген мал терілерінің экспортына баж салығын қайта енгізуді сұрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Atameken Business-ке сілтеме жасап.  

 

Әйтпесе, былғары өңдеу кәсіпорындары шикізатсыз қалуы мүмкін. Бүгінде Өзбекстан Қазақстаннан ірі қара мал терісін қарқынды тасымалдай бастаған.