Кәсіпкерлер өтемақыдан салық төлей ме?

19 қаңтар 2022, 19:08

Еліміздегі бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов жаппай тәртіпсіздік салдарынан кәсібі күйреген бизнесмендердің өтемақысына салық салынады деп қауіптенеді.

 

Бұл мәселенің нүктесін қою үшін ол премьер-министрге өтемақы алатын кәсіпкерлер, салықтан босатылса деген өтінішін білдірді, деп хабарлайды Atameken Business.

 

Сондай-ақ омбудсменнің айтуынша, кәсіпкерлер шығынын есептеу кезінде бірқатар қиындық пен кедергілерге тап болған.

 

Яғни, Алматыда 1600-дей бизнес нысанның 75 пайыздан астамы қаралған. Шығын көлемі, шамамен, 95 млрд теңгеге жуық.

 

Бұған дейін айтқанымыздай, жаппай тәртіпсіздік салдарынан кәсібі талқандалған бизнесмендерге, мемлекет есебінен өтемақы төлеу шаруасы үкімет отырысында жан-жақты пысықталған.