Нарық

Кәсіпкерлерге берілетін несие 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды

  • Кәсіпкерлерге берілетін несие 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды

    Кәсіпкерлерге берілетін несие 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов несиелік шарттар мен қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру шараларына қатысты депутаттардың сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша қарызға қаражат түпкілікті 6%-бен беріледі. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша берілетін несие сомасы 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Субсидиялау мерзімі - 5 жыл.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие сомасы шектелмейді. Ал субсидиялау мерзімі - 10 жыл. Кепілдік құралдары да жақсартылған. «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша кепілдік - несие сомасының 85%-ын құрауы мүмкін. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша кепілдік несие сомасының 50% -ын құрайды. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасынан салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл шағын және орта бизнеске, қызмет түріне қарамастан, бағдарламаның қатысушысы болуға және жеңілдетілген қаржыландыруға мүмкіндік береді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі «Қарапайым заттар эконлмикасы» бағдарламасы аясында айтарлықтай кеңейтілді «, - делінген Әлихан Смайылов депутаттардың сауалына берген жауабында. 

Ол осы бағдарлама бойынша несиелендірудің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылғанын еске салды.

«Сонымен қатар, Ұлттық банк салалық шектеусіз, оның ішінде жеке кәсіпкерлер үшін шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын іске қосты. Несиелер айналым қаражатын толықтыру үшін 1 жылға 8% -бен беріледі. Бұл бағдарламаға 600 миллиард теңге бөлінген. Жалпы, несие беру шараларын арттыру үшін көптеген шектеу алынып тасталды, тетіктер жеңілдетілді. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа бағыт - микро және шағын бизнеске шағын несие беріле бастады. Бизнестің осы санаты үшін субсидиялар арқылы несиелер 6% мөлшерлемемен беріледі. Несиелер айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін, өндірістік қажеттілікке 20 миллион теңгеге дейін бөлінеді», - деді вице-премьер. Сонымен қатар, ол қызмет түрлеріне ешқандай шектеудің жоқтығын баса айтты.




Көрілген: 614    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.11.2020, 23:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31