Нарық

Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады – Смайылов

  • Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады – Смайылов

    Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады – Смайылов

Вице-премьер үкіметтің алдында салық төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметіне толығымен салық салу міндеті тұрғанын мәлімдеді. Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады. Үкімет салықтан жалтаратын бизнесті толығымен қадағалауды көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді.

"Кәсіпкерлерге тұтынушылардан банктің мобильді қосымшасы арқылы түсетін ақша аударымдарының фискализациясы мәселесін шешуге ерекше назар аудару қажет. Қазір біз қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі жақсы қарқынмен дамып жатқанын көріп отырмыз. Бірақ, біздің алдымызда салық төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметіне толығымен салық салу міндеті тұр", - деді ол қаржы министрлігінің алқа отырысында.

Бұл ретте Смайылов қазіргі таңда қазақстандық кәсіпкерлерге берілген салық жеңілдіктері ескерілуі тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар, вице-премьер азаматтарға арналған тегін "Е-Salyq Azamat" мобильді қосымшасын белсенді жарнамалауды тапсырды.

Биыл кәсіпкерлер үшін "Е-салық-бизнес" ақпараттық жүйесін іске қосу өте маңызды. Ол кәсіпкерлерге оңай тіркелуге, салық төлеуге және есепті автоматты режимде тапсыруға мүмкіндік беруі тиіс, деді Смайылов.




Көрілген: 2156    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 12:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30