Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Кәсіпкерлікті дамыту аймағы ашылады

26 қаңтар 2011, 12:10

«Жақында Өскеменнің іргесіндегі «Арматура зауыты» деп аталатын шағынауданда кәсіпкерлікті дамыту аймағы ашылады». Мұндай жағымды жаңалықты Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі жеткізді.
Аймақтың есігі барлық кәсіпкерлерге ашық. Ешкімге шектеу қойылмайды. Тек өтінішіңізді уақтылы берсеңіз болғаны. Орталық өтінішті 1 ақпанға дейін қа­был­дамақ. Содан кейін барлық қабылданған жо­балар Облыстық өнеркәсіп және кә­сіп­кер­­лік департаментінде қаралатын бо­ла­ды.
Бүгінгі күні қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне үш өтініш келіп түскен: ұлттық ет тағамдары өндірісі, полимерлік бұйымдар мен ме­тал­дан жасалған құрылғы және азық-түлік та­уарларын консервілеу.
Бөлім бастығы Қанат Бәшіровтің ай­туын­ша, негізгі басымдық облыс орта­лы­ғының экономикасын дамытуға үлес қо­са­тын жобаларға беріледі. Айта ке­терлігі, кәсіпкерлік аймағын ком­му­ни­ка­ция­лық желілермен және электрмен қам­тамасыз етуді мемлекет мойнына алып отыр.