Биыл Қазақстанда 3,2 миллионнан астам жұмыскер өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғайтын тиісті шарттар кәсіпорындардың тек 53,1%-інде жасалған.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы 125 мыңнан астам хабарлама жолдады. Тиісті шарттардың болмауы себепті кәсіпорындарда тиісті тексерулер жүргізу үшін профилактикалық бақылау тізімдеріне автоматты түрде қосылады", - деп атап өтті ведомство.
Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті дейді министрлік.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz