Нарық

Қатаң карантин жарияланған жағдайда қанша адам жұмыссыз қалуы мүмкін?

  • Фото: elements.envato.com

    Фото: elements.envato.com

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының өкілдері Қазақстанда қатаң карантин жарияланған жағдайда қанша адам жұмысынан айырылып қалуы мүмкін екенін есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Орталық президенті Дәулет Арғандықовтың айтуынша, жалпы елімізде 8,7 миллион қазақстандықтың тұрақты жұмысы бар. 

 

"Біріншіден, 4,1 миллион адамның тұрақты жұмысы болады, олар: ТҮКШ қызметкерлері, медицина қызметкерлері, өндірістік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы және тағы басқасы.

2,5 миллионға жуық адам мүмкіндігі мен біліктілік деңгейіне байланысты қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысуы мүмкін - бұл білім беру саласы, мемлекеттік қызметкерлер, кеңсе қызметкерлері және тағы басқасы", - дейді Арғандықов ОКҚ брифингінде.

 

Қалған екі миллионға жуық адам локдаун дәрежесіне байланысты жұмыс орнын сақтап қалуы мүмкін, олар: қызмет көрсету, сауда, көлік саласының қызметкерлері.

 

"165 мыңға жуық адам шектеу шаралары толық қабылданған жағдайда жұмысынан айырылып қалуы мүмкін. Біз мамандықтар, еңбек дағдылары бойынша тікелей жіктедік, барлық топ бойынша бағалау жүргіздік", - дейді сарапшы.

 

Арғандықовтың сөзінше, былтырғы көрсеткіш бойынша, ел бойынша жұмыссыздың деңгейі 4,9 пайыз болған. Карантиннің Қазақстанға әсерін азайту мақсатында "Жұмыспен қамтудың жол картасы", " Еңбек" және тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.

 

 

 




Көрілген: 988    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 20:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30