Нарық

"Қателік кеткен": Жеңіс Қасымбек баспана дауына түсініктеме берді

  • "Қателік кеткен": Жеңіс Қасымбек баспана дауына түсініктеме берді

Аймақ басшысы қыста ешкімді пәтерден шығармайтынын жеткізіп, пәтерлер қате берілсе де, оны алған адамдар әзірше тұра беретінін айтты. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Жезқазған мен Сәтпаевта мемлекеттік бағдарламамен салынған пәтерлер не себепті дұрыс таратылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әкімнің айтуынша, соңғы екі аптаның ішінде Жезқазған қаласында салынған жаңа үйге қатысты сан алуан пікірлер тарап жүр. Тіпті, жаңа әкімнің қатысы бар деген алыпқашпа әңгіме шықты.

Алайда, бұл шаруаға жаңа әкімге еш қатысы жоқтығын айтқан Қасымбек қазіргі кезде әлеуметтік жағынан төмен және көпбалалы отбасылар, бюджет саласының қызметкерлері мен тағы басқа адамдар баспана кезегінде тұрғанын атап өтті.

"Ал Жезқазғанда мемлекеттік бағдарламамен салынған бірінші үйден әртүрлі кезекте тұрған адамдарға пәтер берілді. Сол кезде қателік болған. Оны бәрі мойындап отыр. Негізі, осы бағдарламамен салынған үйлерден бюджет саласының қызметкерлеріне пәтер беруге болмайды", &ndash деді Қасымбек орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Аймақ басшысы қыста ешкімді пәтерден шығармайтынын жеткізді. Пәтерлер қате берілсе де, оны алған адамдар әзірше тұра береді.

"Қазір әртүрлі бағдарлама бойынша Жезқазған, Сәтпаев және басқа да қалаларда үйлер салынып жатыр. Сол баспананың басым бөлігі желтоқсан айында және алдағы жазда пайдалануға беріледі. Осы отбасылар жаңадан салынған үйлерден пәтер алады. Ешкім далада қалмайды", &ndash деп атап көрсетті Қасымбек.

Әкімнің айтуынша, Жезқазғанда 9 пәтер дұрыс берілмесе, Сәтпаевта 13 отбасыға үй қате берілген.

"Осы мәселеге байланысты жауапты шенеуніктерге тәртіптік сөгіс жарияланады", &ndash дейді Қасымбек.




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.11.2020, 16:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31