Нарық

Қай мамандық иелері 400 мың теңге жалақы алады

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңгені құраған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық экономика министрлігі статистика комитетіне сілтеме жасап.


Биылғы жылдың І тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңге болған.


Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақыны кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазумен айналысатын жұмысшылар алады – 401,1 мың теңге. Бұл орташа республикалық деңгейден 2,4 есеге жоғары.


Одан кейінгі орында қаржы және сақтандыру қызметі – 323 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 296,3 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында – 253,0 мың теңге, көлік саласында – 218,2 мың теңге.


Ал ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығында тіркеліп отыр – 93,2 мың теңге. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 44,7%-ке төмен.


Өңірлер арасында ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 322,7 мың теңге, яғни орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге жоғары. Ең төменгі жалақы Түркістан облысында екен, 109,0 мың теңгені құраған.


 




Көрілген: 1291    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2019, 17:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31