Қай өңір тұрғындары жиі несие алады

14 маусым 2022, 12:56

Көбіне Алматы тұрғындары несиеге жүгінеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, проблемалық несиелерде төмендеу үрдісі айқын байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
 
Ұлттық банктің мәліметінше, банктердің тұтынушылық мақсаттарға арналған несие портфелі 6,3 триллион теңге болды, оның 546 миллиарды қысқа мерзімді, 5,7 триллионы ұзақ мерзімді, яғни бір жылдан астам мерзімге алынған.

Осы деректерге сүйене отырып, ең көп несиені алматылықтар алған деген қорытынды жасауға болады. Одан кейінгі орында елордалықтар мен шымкенттіктер. Ал Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының тұрғындары ең аз несие алған.

1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 22 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді. Оның ішінде 14-і шетелдің қатысы бар банктер, 11-і еншілес банктер.

2022 жылғы наурызда жеке тұлғаларға берілген несиелер 1,2% өсіп, 11,2 трлн теңгеге жетті. Ұлттық валютадағы несиелер көлемі 2022 жылғы наурызда 1,7% өсіп, 17,4 трлн теңге болды. Шетел валютасындағы несиелер көлемі негізінен теңге бағамының 495 теңгеден 467 теңгеге дейін нығаюы нәтижесінде 1,9 трлн теңгеге дейін (8%) қысқарды. Теңгедегі несиелердің үлесі 2022 жылғы 1 наурызда 90,3% болды. 2022 жылдың наурыз айында 1,9 трлн теңгеге жаңа несиелер берілді, бұл 2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда 5,5%-ға артық, - деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Наурыз айында жеке тұлғаларға ұлттық валютада берілген несиелер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 18%-ға дейін төмендеді. Ал 1 наурыздағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 18,4% болды.

Наурыздың аяғында 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздардың жалпы несие портфеліндегі үлесі 3,6% (2022 жылдың басында – 3,3%) болды. Жеке тұлғалар портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздар деңгейі 3,7% болды.

Алайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі баспасөз қызметі 2020 жылдан бергі динамикаға көз жүгіртсек, яғни агенттік құрылғаннан бері проблемалық несиелер көлемінің төмендеу тенденциясы айқын байқалатынын хабарлады.

Мысалы, егер 2020 жылы 90 күннен астам мерзімі өткен несиелердің үлесі 7,88% немесе 1 230 515 070 теңге, ал 2021 жылы 6,53% немесе 1 237 094 097 теңге болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 387,83,3% немесе 2021 жылы 6,53% төмендеген.

Агенттік мұны кейбір ірі ойыншылардың нарықтан кетуімен, сонымен қатар кейбір банктердің провизиялар есебінен проблемалық несиелерді есептен шығаруымен байланыстырады.

Zakon.kz.