Нарық

Қазақстан Қытайға құрғақ түйе сүтін экспорттайды

  • http://anatili.kazgazeta.kz

    http://anatili.kazgazeta.kz

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселесі бойынша жасалған келісімдер жайында мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басқарма басшысы Азамат Забековтің айтуынша, өткен жылы Түркістанда түйе сүтін қайта өңдейтін зауыт іске қосылған. Аталған өндіріс ошағының жобалық қуаты тәулігіне 100 тоннаға дейінгі өнімді құрайды.


«Бұл жобаның түйе шаруашылығы мен жылқы шаруашылығын дамытуда маңызы өте зор. Түйе сүтін өңдеп, кептіріп, қытай нарығына экспортқа шығару жоспарланып отыр. Жоба Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының түйе сүтін өндірушілерінің басын біріктіретін болады. Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы түйешілеріміздің де мүмкіншілігін жұмылдыру жоспарда бар. Ол жақта сүтті құрғататын жеке цех ашу жоспарланған. Одан кейін құрғақ сүт зауытқа әкелініп, қапталып, нарыққа жеткізіледі», - деді Азамат Забеков Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте.


Оның айтуынша, түйе сүті ұнтақ түрінде экспортқа шығарылады.


«Барлық технологиялық құрылымы қазірдің өзінде жасақталған. Жергілікті бренд те құрылды. Айталық, «Саумал« брендін Ресей нарығына шығарудамыз. Аталған өнімнің Қытай нарығындағы бағасы жоғары. Меніңше, бұл біздің фермерлер үшін қосымша табыс көзі болмақ», - деді ол.


Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында мал шаруашылығы өнімдері, сүт өнімдері жүн-тері бойынша хаттамаға қол қойылған. Қол қойылған хаттамалар қазақстандық өнімдерді қытай нарығына шығаруға мүмкіндік береді.


 




Көрілген: 702    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 20:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31