Нарық

Қазақстан 40 мемлекетке бидай экспорттайды

  • Қазақстан 40 мемлекетке бидай экспорттайды

    Қазақстан 40 мемлекетке бидай экспорттайды

 Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Қазақстан бидай бойынша экспорттық әлеуетін сақтап қалатынын мәлім етті.

Алматы,  NEGE. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында вице-министрге: «Биыл бидай трейдерлерінің белсенділігі төмендеп кеткені белгілі. Нарыққа қатысушылар мұны кейбір мемлекетте коронавирустың жаңа толқынына байланысты ықтимал шектеулермен байланыстырып отыр. ҚР АШМ осыған байланысты осы күзде бидай экспортын кейбір елге шектеуді көздеп отыр ма?», – деген сұрақ қойды.

«Егін жинау жұмыстары басталған кезде жылдағыдай трейдерлер де бағаның қандай болатынын күтеді. Бұған дейін олардың белсенділіктері төмендеу еді. Бүгінгі күні дәнді-дақылдарды жинау жұмыстарының 66% аяқталғандықтан, олар белсенді түрде бидайды сатып ала бастады. Сол себепті Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай экспортын шектеуді жоспарлап отырған жоқ. Себебі бізде өнім былтырғыдан кем емес. Сондықтан экспорттық әлеуетті сақтап қаламыз», – деді Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар вице-министр биыл дәстүрлі экспорттық нарықтар сақталатынын жеткізді. «Нарықтарды атар болсақ, олар: Орталық Азия – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, одан бөлек Ауғанстан, Иран. Жалпы 40 мемлекетке биыл бидай экспортталады. Нақтырақ айтқанда, маркетингілік айлар ішінде (2020 жылдың шілдесі мен 2021 жылдың шілдесі аралығы) осы жылы 8 млн тоннаға жуық бидай сатылады», – деді Айдарбек Сапаров.

NEGE.




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 00:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31