Нарық

Қазақстан 608 млн долларға бидай сатты

  • Қазақстан 608 млн долларға бидай сатты

    Қазақстан 608 млн долларға бидай сатты

 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстаннан бидай мен меслин экспорты 3,3 млн тоннаны құрады. Бұл көлем 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға төмендеді.


Жеткізілген бидайдың жалпы құны 608,4 млн долларды құрады, тауарлар экспортынан түскен табыс 15,5%-ға өсті.


Өзбекстанға астықтың ең көп көлемі 211,8 млн долларға 1,3 млн тонна бидай тиелді. Тәжікстан 108,1 млн долларға 578,5 мың тонна, Қытай – 50,2 млн долларға 237,5 мың тонна, Әзірбайжан – 43,6 млн долларға 227,9 мың тонна, Түркменстан – 33,4 млн долларға 176,3 мың тонна, Түркия – 28,9 млн долларға 140,9 мың тонна, ал Ауғанстан – 25,3 млн долларға 135 мың тонна астық сатып алды.


Өз кезегінде Италия 23,6 млн долларға 112,8 мың тонна бидайды, ал Ресей – 103,6 мың тоннаны 22,6 млн долларға сатып алды.


Сондай-ақ, Қазақстан жеті айда 833,4 мың тонна ұнды 180,7 млн долларға сатты. Бұл тауардың негізгі сатып алушылары Ауғанстан (111,9 млн долларға 486,3 мың тонна) және Өзбекстан (39,4 млн долларға 221,6 мың тонна) болды.


7kun.kz




Көрілген: 932    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 18:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31