Нарық

Қазақстан әйгілі Илон Масктың SpaceX компаниясымен келіссөздер жүргізуде

  • Фото: ОКҚ

    Фото: ОКҚ

Қазақстан бүгінде Илон Масктың SpaceX компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Бағдат Мусин бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазған.

 

Министрдің сөзінше, қос тарап арасындағы келіссөздер наурыз айынан бастап жүргізілуде. Бұл аралықта ведомство SpaceX-тің мемлекеттік реттеушілермен байланыс жөніндегі директоры Мэтт Ботвинмен бірнеше онлайн кездесу өткізген.

 

Министрлік басшысы ынтымақтастықты дамыту бойынша қызықты бірнеше бағыт бар екенін атап өтті.

 

"Министрліктің мақсаты – Қазақстандағы әрбір елді мекенді интернетпен қамту. Телепорт станциясын Алматы маңында орналастыруға және бес елді мекенді тестке қосуға алдын-ала келісімдер жасалды. Ауылдарда орнатылатын нүктелердің санын әлі де жұмыс барысында нақтылаймыз.

Егер осы бағытта жаңалықтар шықса мен әлеуметтік желілерде бөлісемін. Екі тарап арасында толық келісім мен өзара түсінік пайда болған уақытта қай бағытқа баратынымыз жайлы және БАҚ өкілдері үшін SpaceX-пен бірлескен баспасөз жиынын өткіземіз.

Қосымша айта кетсем, Starlink жүйесі АҚШ, Канада және Еуропа елдерінің аумағын толығымен қамтиды. Қазір орбитада "SpaceX" компаниясының 1400-ге жуық жерсерігі орналасқан" , - деп жазды Мусин.

 

 




Көрілген: 984    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 02:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31