Нарық

Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларға 10 миллиард доллар бөледі

  • Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларға 10 миллиард доллар бөледі

    Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларға 10 миллиард доллар бөледі

Қазақстан қазіргі экономикалық дағдарысқа төтеп беріп қана қоймай, болашақта жағдайды тұрақтандыру үшін қажетті іс-шаралар қабылдауы қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін қанша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Салық преференциялары мен жергілікті деңгейдегі қолдауды қоспағанда, дағдарысқа қарсы шаралар жиынтығы 4,4 триллион теңгені немесе 10 миллиард долларды құрайды. Осы қаражатты дұрыс игерген соң, біз дағдарысқа қарсы күресте жеңіске жететініміз сөзсіз", – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, дағдарыс мемлекеттік аппарат пен отандық бизнестің қозғаушы күші болады.

"Осыдан алатын сабақтарды ескеруіміз керек. Сонымен қатар, жедел шаралардан басқа, жағдай тұрақтанғаннан кейін де жүйелі іс-шалар қабылдау керек. Шын мәнінде, біз мүлдем жаңа жаһандық әлемнің табалдырығында тұрмыз. Онда Қазақстан өзінің лайықты орнын табуы тиіс", – деп атап өтті мемлекет басшысы.
Президент жағдайдың күрделілігіне қарамастан, еліміздің апатты жағдайдан алыс екенін баса айтты.

"Бізде барлық мүмкіндіктер мен резервтер бар. Бастысы, біз қолайсыз сценарийге дайындықты уақытында қолға алып, не істеу керектігін дұрыс түсіндік", – деді Тоқаев.

Президент сондай-ақ елдегі төтенше жағдай кезінде оқшаулау шараларын қатаңдатуды тапсырған еді.

Тоқаевтың төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтінін Ақорданың ресми сайтынан оқи аласыздар.




Көрілген: 332    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.03.2020, 21:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31