"Қазақстан даму банкі" таңдаулы тұлғалардың жеке банкіне айналған - Тоқаев

11 қаңтар 2022, 13:35

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістегі отырыста "Қазақстан даму банкінің" қызметін қайта құрылымдауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

 

– Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен қолжетімділігіне қатысты көптеген заңды сұрақтар туындайды. Қалыптасқан жүйе, негізінен, ірі құрылымдарға қызмет көрсетуге бағытталған, онда да "достарға - барлығы, ал қалғанына заң бойынша" деген қағидатпен.

 

 

Оның айтуынша, мұндай жүйе экономикадағы олигополияны одан әрі күшейтеді.

 

Мемлекет басшысы ірі кәсіпорындар өздерінің ерекше артықшылықтарын пайдалана отырып, бәсекелестікті тұншықтырып, реформалар жүргізуге кедергі келтіретінін айтты.

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

 

– Мысалы, "Қазақстанның даму банкі", шын мәнінде, қаржылық-өнеркәсіптік және құрылыс топтарынан тұратын таңдаулы тұлғалардың жеке банкіне айналған. Біз олардың бас-басына, аты-жөніне дейін білеміз. Жоғарыдағы кабинеттерге емін-еркін кіре алатындарын пайдалана отырып, олар өз жобаларын іске асыру үшін ерекше жағдайларға ие. Ал бұл жобаларға шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға пайдалануға болатын мемлекеттің ресурстар бөлінуде. Үкіметке "ҚДБ" қызметін қайта құрылымдау тапсырылады.