Қазақстан Еуропа елдерінің энергетикалық қауіпсіздігі үшін көмір өндірісін ұлғайтты. Халықаралық энергетикалық агенттіктің жуырда жариялаған "Cool 2022" ("Көмір 2022") есебімен танысқан соң осындай тұжырым жасауға болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Еуропада, әсіресе Польшада Ресей көмірін алмастыру үшін сұраныстың артуына байланысты 2022 жылы Қазақстанда көмір өндірісі 108 млн тоннаға дейін немесе 4,5%-ға өседі. Біз қазақстандық көмір ұсынысы 2025 жылға қарай 3%-ға артып, 111 млн тоннаға жетеді деп күтеміз", - делінген агенттік есебінде.
Айта кетейік, бұдан бұрын биылғы қаңтар-қазан айлары аралығында Польша Қазақстаннан 1,1 млн тонна көмір сатып алғаны хабарланған.