Нарық

Қазақстан жолдардың сапасы бойынша аутсайдер елдердің қатарында

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстан жолдардың сапасы бойынша аутсайдер елдердің қатарында тұр. Бұл туралы бүгін автомобиль жолдары саласындағы проблемалар талқыланған кеңесте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Жол салу кез келген мемлекет үшін өте маңызды. Сондықтан біз де оған үлкен көңіл бөліп жатырмыз. Бүгін барлық проблемаларды талқылап, тиісті шешімдерге келеміз деп үміттенемін», - деді жиынды ашқан Олжас Бектенов.


Оның дерегінше, 2018 жылдың қорытындысында әлем елдерінің автомобиль жолдарының сапасы рейтингінде Қазақстан 140 елдің ішінде 106 орынға тұрақтаған. Бұл өте нашар көрсеткіш, аутсайдерлік позиция саналады.


«Оған белгілі бір деңгейде сыбайлас жемқорлық себеп болып отыр. Соңғы 3,5 жылдың ішінде жол құрылысы саласында шамамен 100 жемқорлық құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Сотталғандардың қатарында «ҚазАвтоЖолдың», жергілікті атқарушы органдардың «Облжолзертханалар» базасында құрылған Жол активтерінің сапа орталығының лауазымды тұлғалары және өзге де құрылымдардың өкілдері бар. Күні кеше ғана БАҚ-тан көрдіңіздер, «ҚазАвтоЖолдың» Павлодар филиалының және Жол зертханасының басшыларына үкім шықты», - деді ол.


О.Бектеновтың атап өтуінше, жол құрылысы саласындағы жемқорлық негізінен келісімшарттарға қол қою үшін пара берумен, заңсыз кәсіпкерлік қызметке қамқорлық жасаумен және әкімшілік шаралар қолданбаумен, сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар барысында ақша қаражаттарын ұрлаумен байланысты болып отыр.


 




Көрілген: 268    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.07.2019, 16:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31