Нарық

Қазақстан "Қорғас ісі" бойынша Швейцариядан 140 млн теңгені қайтарып алды

  • Көрнекі фото: 24tv.ua, NUR.KZ/Петр Карандашов

    Көрнекі фото: 24tv.ua, NUR.KZ/Петр Карандашов

140 миллоннан астам теңгені қазақстандық прокурорлар "Қорғас ісі" бойынша Швейцариядан қайтарып алды деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Еліміздегі бас қадағалау органының мәліметіне сәйкес, 2019 жылы 15 қаңтарда Швейцарияның федералды қылмыстық соты Қазақстанның бас прокуратурасының өтінішхатын қанағаттандырып, "Қорғас ісі" бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері заңсыз жолмен алған және кейіннен елден тыс әкеткен 140 миллион теңгені қайтару туралы шешім қабылдады.


Аталған қаржы топтың белсенді мүшелерінің бірі, 2012 жылдан бастап осы іске қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздестіруде болған Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі.


"Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Швейцариядан Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шотына түскен ақша жақын арада мемлекет кірісіне алынады", - деді Бас прокуратура.


Еске сала кетсек, өткен жылдың сәуірінде прокуратура органдарының осы іс шеңберіндегі өтінішхаты бойынша мемлекет пайдасына Мағзұм Әбдіралиевтің 762 мың АҚШ доллары мен 915 мың теңге қылмыстық табысы тәркіленген болатын.


Осылайша, ұрланған активтерді қайтару бойынша жасалған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке түскен қаражаттың жалпы сомасы 420 миллион теңгені құрады.


"Қазақстанның Бас прокуратурасы шетелдік әріптестерімен бірлесіп, қылмыстық табыстарды шетелден қайтаруға бағытталған жұмыстарды жалғастырады", - деді ведомство. 




Көрілген: 1052    Пікірлер: 0

жұма, 03.05.2019, 17:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30