Нарық

Қазақстан-Қытай шекарасында 10 мыңнан астам жүк көлігі тұр

  • https://arasha.kz/

    https://arasha.kz/

Депутаттар қазақ-қытай шекарасындағы жүктердің өту мәселесін тағы көтерді. Дания Еспаеваның айтуынша, "Нұр Жолы" кеден пунктінде Қазақстаннан Қытайға 10366 автокөлік өте алмай, кезекте тұр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Кәсіпкерлердің айтуынша, Қытайдан Қазақстанға келе жатып, шекарада тоқтап, жиналып қалған жүктің көлемі — 8 мыңнан астам контейнер. Оларды тасымалдау үшін бір жыл уақыт керек, — дейді депутат.

 

Оның айтуынша, мәселені шешу үшін басқа елдерге жөнелтілетін жүктердің транзитіне берілетін квотаны төмендету қажет.

 

Мұндай шара Қытай-Еуропа арасындағы контейнер пойыздарының тасымалы туралы 2017 жылғы келісімге қайшы келуі мүмкін. Бірақ қазіргі жағдайда Қазақстан өзінің ұлттық мүддесін қорғауға мәжбүр, — деді Дания Еспаева.

 

Депутат тасымалдау қызметінің тарифтері де өскенін айтты.

 

"Қытайда жүкті тиеу қызметі 1 автокөлік үшін 150000 юаньға дейін өсті. Бұл, тіпті, тасымалдау құнынан да асып түседі. Бұрынғы бағалармен салыстырсақ, мысалы Қорғаста жүк көлігінің тасымалдау құны 1200-5000 доллар арасында болды. Қазір баға 28 мың долларға дейін өсті. Ал контейнерлер тапшылығына байланысты теміржол көлігінде контейнерлер сатып алу құны 1950 доллардан 7500 долларға дейін өсті. Осылайша жүгі Қытайда артылған 40 тонна контейнерді жөнелту құны 2020 жылғы тамыздағы 3100 доллардан 2021 жылғы қыркүйектегі 13 000 долларға дейін өзгерді", — деді Мәжіліс депутаты.

 

Оның айтуынша, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялардың шығыны ондаған миллионнан 1 миллиард теңгеге дейін жетті. Осы тұста депутаттар келесідей ұсыныстар айтты:

 

1) Аталған жағдайға байланысты кәсіпкерлердің кредиттерді өтеу бойынша уақытын создырып беру.

 

2) Теміржол тасымалы бойынша туындаған проблемаларды ескере отырып, Қытай Үкіметімен автомобиль өткелдерін ұлғайту туралы мәселені шешу.

 

3) Бизнесті "Атамекен" палатасынан форс-мажор туралы куәлікті алуға қажет дәлелдемелерді жинаудан босату.

 

4) Мерзімі өткен міндеттемелердің сомасына қарамастан, "Атамекен" палатасының форс-мажор туралы куәлігінің құнын 15 АЕК-ке дейін төмендету.

 

 

 

 




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.11.2021, 19:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31