Нарық

Қазақстан Ливияға қару тасымалдаған үш әуекомпанияның жұмысын тоқтатты

  • https://www.jetphotos.com/

    https://www.jetphotos.com/

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Ливияға қару жеткізу жөніндегі тыйымын бұзған қазақстандық үш әуекомпания бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Министрлік бұл жұмыстар "Azee Air" ЖШС, "Sigma Airlines" ЖШС және "Jenis Air" ЖШС-ға қатысты жүргізілгенін хабарлады.

 

Әуе кемелерінің меншік иелері – Біріккен Араб Әмірліктері (SPACE CARGO INC., AGANYA LTD) мен Британ Виргин аралдарында (LTD "Infinitive Seal Inc.") тіркелген шетелдік компаниялар.

 

Бұл ұшақтар Таяу Шығыс аймағында шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін пайдаланылған. Ұшақтардың негізгі базасы Біріккен Араб Әмірліктері болып табылады. Ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясы бар елдерге рейстер үшінші елдердің аумағы арқылы жүзеге асырылған.

 

"Халықаралық тәжірибеге сәйкес, шетелде қалыптасқан тасымалданатын жүктердің сипатын пайдаланушы мемлекет, яғни Қазақстан бақыламайды. Керісінше, ұшу жүзеге асырылатын шет мемлекеттің мемлекеттік органдары жүкті қадағалайды", – делінген хабарламада.

 

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Қазақстан Республикасы заңнамасының, ICAO стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесінің талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру жүргізді. Нәтижесінде, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас директорының 2020 жылдың 29 мамырдағы №167/1 бұйрығына сәйкес, аталған үш әуе компанияның азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысы сертификатын, соның ішінде "Sigma Airlines" ЖШС сертификатының қолданылуын уақытша тоқтатты.

 




Көрілген: 335    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.09.2020, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30