Нарық

Қазақстан мен Өзбекстан екі елдің қалаларын жалғайтын теміржол салуды жоспарлап отыр

  • http://yassy-tur.kz/

    http://yassy-tur.kz/

2021 жылғы 12 ақпанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.

 

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. Оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

 

Қазақстан мен Өзбекстан екі елдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықты Түркістан &ndash Шымкент &ndash Ташкент теміржол жолаушылар қатынасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

 

Бұдан басқа, Өзбекстан аумағына шығатын Мақтарал &ndash Дарбаза жаңа желісін салу жоспарда бар. Ол жоба Сарыағаш өткелі пунктінің жүктемесін едәуір азайтады.

 

 

Сонымен қатар, Түркістаннан Ташкентке дейін созылатын жаңа жоғары жылдамдықты магистралды іске қосу көзделіп отыр.

 

Сондай-ақ, министр мен елші әуе қатынасы жайын талқылады.

 

Коронавирус пандемиясына қарамастан, екі ел арасындағы рейстер тұрақты орындалуда. Болашақта олардың санын ұлғайту, сондай - ақ Өзбекстанның Үргенч, Самарқанд, Нүкіс қалаларынан Қазақстанның Түркістан, Ақтау және Тараз қалаларына жаңа бағыттар ашу жоспарда бар.

 

Инфрақұрылымдық жобалардан бөлек кездесуге қатысушылар өнеркәсіптік жобаларға назар аударды.

 

Тараптар Қазақстандағы машина жасау саласына маманданған, сондай-ақ Өзбекстан аумағында фармацевтикалық өнім шығаратын бірлескен кәсіпорындар құрмақшы.

 

Сондай-ақ, Шымкентте дәрілік заттар және гигиеналық бұйымдар шығаратын зауыт салу жоспарлануда.

 

 

 

 

 




Көрілген: 2792    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 13:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30