Нарық

Қазақстан мен Ресей АШМ жүк транзиті мәселесін талқылады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сергей Левинмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Тараптар екі ел арасындағы АӨК саласындағы тауар айналымы мәселелерін талқылады.

 

Биылғы жылдың жеті айында Қазақстан мен Ресей арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы $1,4 млрд-тан асты, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4% - ға артық.

 

Келіссөздер барысында А.Сапаров Ресей Федерациясымен шекарада жүктерді тексеру процесін жеделдетуді ұсынды.

 

Айта кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шекарада жүк тасымалдау мәселесін көтерген болатын.

 

«Бұл бізге АӨК өнімдерінің қазақстандық экспортын ұлғайту бөлігінде тауар айналымын өсіруге мүмкіндік береді. Аталған шараны жүзеге асыру үшін өзара тығыз іс-қимыл жасау және жүктерді тасымалдау кезінде туындайтын проблемаларға жедел әрекет ету қажет», - деді Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.

 

 

Ресей тарапы өз кезегінде, шекарадан өту кезінде проблемалар туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін экспорттаушы-кәсіпорындардың тізілімімен алмасуды ұсынды.

 

Кездесу 2021 жылдың 5-8 қазан аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың жетекшілігімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының «Алтын күз-2021» ресейлік агроөнеркәсіптік көрмесін аралау аясында өтті. ҚР АШМ өкілдері ұсынылған әзірлемелермен, Ресейдің өңірлерінің бірқатар павильондарының өнімдерімен танысты, Ресей Федерациясы аумағындағы әлемдік АӨК өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілер қатарына жататын әлеуетті инвесторлармен кездесулер өткізді.

 

Бұдан басқа, «Алтын күз - 2021» агроөнеркәсіптік көрмесін аралау шеңберінде Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Сапаров РФ Ауыл шаруашылығы министрі Д. Патрушевтің, сондай-ақ «Мираторг» холдингі сияқты агробизнес өкілдерінің және т. б. қатысуымен екінші халықаралық агроөнеркәсіптік форумға қатысты.

 

«Алтын күз» - бұл сала мамандары үшін ауқымды іскерлік бағдарламаны қамтитын, ресейлік ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жетістіктерінің ауқымды көрмесі.

 

Биылғы жылы көрменің тақырыптық бағыттары аграрлық сектордың, ғылым мен инновацияның өзекті тақырыптары болды.

 

Көрмеге Ресейдің өңірлері мен таяу шетелдерден көптеген экспоненттер қатысты.

 

 

 

 




Көрілген: 585    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.10.2021, 00:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31