2 маусымда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика Вице-министрі Әсет Мағауов қатысты.
«Отырыс барысында сәуір айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің қазіргі өндіру деңгейін шілде айында тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру және артық өндіру өтемақысы кезеңін 2022 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды» - делінген Энергетика министрлігінің баспасөз хабарламасында.
Айта кетсек, Қазақстанның шілде айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,680 млн баррельді құрайды.