Нарық

Қазақстан шекарасынан өту үшін электронды кезекке тұру қажет болады

  • Қазақстан шекарасынан өту үшін электронды кезекке тұру қажет болады

    Қазақстан шекарасынан өту үшін электронды кезекке тұру қажет болады

Мемлекет басшысының трансшекаралық саудаға бақылауды күшейту туралы тапсырмасына сәйкес, шекарадағы заңсыз саудаға қарсы күрестің кешенді жоспары жасалады. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жоспар келесі міндеттерді айқындады. Жалған транзит пен тауарларды жалған алушыларға жеткізуді болдырмау үшін көлік құралдарында навигациялық пломбаларды қолдану кеңейіп келеді. Салық төлеудің толықтығы үшін импорттан бастап бөлшек саудаға дейінгі тауарлар тізбегіне тауарлар үшін электронды ілеспе шот-фактуралар жазу арқылы бақылау енгізіледі. ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарымен тауарлардың саны мен құны туралы ақпарат алмасу қамтамасыз етілді", - деді Ерұлан Жамаубаев қаржы министрлігінің алқа отырысында. 

 
Оның айтуынша, алкогольдік ішімдіктерді цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Салықтық әкімшілендірудің келесі шаралары пилоттық жобаның нәтижелері бойынша анықталады.

"Заңсыз саудаға қарсы іс-қимыл бойынша басқа да шаралар жүзеге асырылады. Жасанды интеллект технологиясын және көлік ағындарын автоматты басқаруды енгізе отырып, өткізу пункттерін одан әрі жетілдіру күтілуде. ҚХР Экс-ИмБанкінен алынған несие аясында ахуалдық орталық салу және 9 вагон мен 1 теміржол өткізу пункттерін жаңарту жоспарлануда", - деді министр.

Оған қоса министр электронды кезек туралы да кеңінен тоқталды. 

"Шекараның кептелісі бар барлық учаскелерінде "Нұр Жолы" бақылау-өткізу пунктінің үлгісі бойынша "Электронды кезек" жүйесін енгізу жоспарлануда. Ол мобильді қосымша арқылы кезекті алдын-ала брондауға мүмкіндік береді", - деп қосты ол.




Көрілген: 2183    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 12:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30