Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстан соңғы жылдары Ауғанстан мен Сириядан қарыз алған

14 қазан 2021, 09:32

Қазақстанның қандай елдерден қарыз алғаны белгілі болды

Қазақстанның сыртқы қарызы биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 166,7 млрд доллар болды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 
Ұлттық Банктің деректері бойынша биыл өткен жылмен салыстырғанда елдің сыртқы борышы 6,9 млрд долларға артық.

Қарыздың ең көп көлемі Нидерланд еліне тиесілі ˗ 44,7 млрд доллар. Бір жыл ішінде мемлекет бұл қарыздың 0,2%-ын ғана қайтарған. Сондай-ақ, Қазақстан Қытай алдындағы берешегінің 4,7%-ын, Жапония алдындағы қарыздың 3,5 пайызын ғана азайта алған.

Қазақстан қарызының үстіне қарыз алған елдердің тізімі де белгілі. Биыл елдің халықаралық ұйымдардан алған қарызы көлемі 15%-ға, Ресейден 8,5%-ға, Бермуд аралдарынан алған қарызы 7,3%-ға, Ұлыбританиядан алған борышы 6,9%-ға өскен.

Сонымен қатар, Виргин аралдарына 2,9 млрд доллар, БАӘ-ге 2,4 млрд доллар, Германияға 2,3 млрд доллар, Бразилия, Колумбия, Конго, Мавритания және Сирия алдында сыртқы қарызы 100 мың доллар шамасында.

Қазақстан қарыз алған мемлекеттердің қатарында Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Мексика, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты елдер бар.

Еркежан Айтқазы