Тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингісінде Қазақстан 107 елдің арасында 82-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингісінде (қаланың орталығында орналасқан тұрғын үй, бір жатын бөлмесі бар) еліміз 107 орынның 82-сін иеленді.
АҚШ-та үйді жалдау құны – 303,85 доллар.
Әлемдегі ең қымбат үйлер Гонконг, Сингапур және БАӘ-де, ең арзаны Непалда.
ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда үйді жолдау құны Әзербайжанда арзандау, бір айға – 266,3 доллар.
Ресейде бір айға үйді жалдау құны – 412,51 доллар.
Арменияда – 396,74 доллар, Украинада – 366,11 доллар, Өзбекстанда – 322,27 доллар, Беларусьте – 306,17 доллар.
2021 жылғы желтоқсанда Қазақстанда жайлы тұрғын үйді жалға алу бір жылда 17,5% қымбаттаған: 1 шаршы метрі 1,9 мың теңге.
Алматыда үйді жалдау құны 40,6% көтерілген. Орал мен Шымкентте – 32,5% және 31,3%.
Бағаның ең төменгі жылдық өсуі Таразда тіркелді: 5,5%.